Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің залында Сенат депутатын сайлау өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Таңдаушылар мен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бірлескен отырысына өңірдегі 191 депутаттың 183-і қатысты.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың мәлім еткеніндей, "Орал гуманитарлық колледжі" ММ-ның қаржы директоры Ляззат Рысбековаға 128 депутат (70 пайызы) дауыс берді.
"Батыс су арнасы" ЖШС директорының орынбасары Ақылбек Аманғалиев 30 дауыс (16,4 пайыз), Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғалым Бекқалиев 24 дауыс (13,3 пайыз) жинады.