Бүгін таңертең өткен Сенат сайлауының алдын ала қорытындылары жарияланды. Сенаторларды таңдаушылар – жергілікті мәслихаттардың депутаттары таңдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында хабарланды, деп жазады Egemen.kz
Маңғыстау облысынан 87 пайыз дауыс жинаған Сүйіндік Алдашев депутат болып сайланды.
Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы 1963 жылы 25 маусымда ҚазКСР-да дүниеге келген. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын (1986) және Орталық Азия университетін (2008) "Тау-кен инженері" және "Экономист" мамандықтары бойынша бітірген.
2012-2017 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдың қараша айынан бастап "Қаражанбасмұнай" АҚ бірінші вице-президенті қызметін атқарады.