Дауыс беру құқығын мәслихаттардың 179 өкілі қолдана алды. Учаскедегі дауыс беру процесін санитарлық дәрігерлердің барлық шарттарын сақтай отырып жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Сайлау барысында бақылаушылар, сенімді өкілдер мен дауыс берушілер арнайы медициналық бетперделерді тағып жүрді. Адамдардың арасында арақашықтық та сақталған.
Байқаушылардың айтуынша, дауыс беру ұйымшылдықпен өтті. Қазіргі уақытта сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды санауды аяқтап, сайлау қорытындыларын жариялады. Гүлнар Күнбаева, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы: "Осы екі кандидаттың ішінен ең көп дауыс Бауыржан Нұрәліұлы Қаниев 143 дауыспен жеңіске жетті. Ал Шалқар ауданының әкімі Алтынбек Аманұлы Әмірғалиев 36 дауыс жинады. Нәтижелерді, тіркеуді және қалған барлық заттарды ОСК жүргізеді", дейді ол.