• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2020

Атырауда ауруханалар оттегі цехымен қамтылады

313 рет
көрсетілді

Қазір облыстық ауруханада оттегі цехы салынып жатыр. Оны  қыркүйектің соңында пайдалануға беру көзделіп отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бұған дейін  ауруханада дербес оттегі тасымалын жүзеге асыратын 60 нүкте болған еді. Бірақ, эпидемиологиялық ахуал ушыққан кезде  бұл аздық етті. Ал, салынып жатқан  цех оттегі желісін 300 нүктеге дейін көбейтеді. Оның 260 нүктесі аурухананың жаңа ғимаратына тартылды. Дербес цех өздігінен оттегі өндіреді. Қазір  аурухананың провизорлық стационарында оттегі баллондары тасымалданып жатқан жоқ. Өйткені, коронавирус инфекциясымен емделіп жатқан науқастар саны азайды", - дейді облыстық аурухананың бас  дәрігері Ербол Иманғалиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуына қарағанда, облыстық кардиологиялық орталығы мен  №2 облыстық ауруханада да оттегі цехын жасақтау жоспарланыпты.   ​

"​Бұдан бұрын Махамбет ауданындағы 100 керуеттік инфекциялық стационарда 12 оттегі нүктесі тартылған болатын. Алдағы уақытта оның санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Құрманғазы ауданында жаңадан салынып жатқан ауруханаға да оттегі желісінің нүктесі толықтай тартылады. Одан кейін Қызылқоға, Мақат, басқа да аудандарға оттегі желілерін тартуды жоспарлаудамыз", - дейді Нұрлыбек Қабдықапаров. ​