• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 12 Тамыз, 2020

Қызылордада "Дәрмек" жедел-профилактикалық шарасы барысында 13 құқық бұзушылық анықталды

392 рет
көрсетілді

Осы жылдың 3-7 тамыз аралығында облыс көлемінде "Дәрмек" профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жедел-профилактикалық іс-шараның 5 күнінде 13 құқық бұзушылық анықталды.

Облыс көлемінде орналасқан есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларының заңды айналымына байланысты 77 дәріхана, 19 емдеу орны, 28 қойманың сақталуы, техникалық нығайтылу жағдайы тексерілді. Тексеру барысында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 426-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың 4 және Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 427-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың 4 дерегі анықталды.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 303-бабында көзделген теріс қылықтардың 1 дерегі, яғни есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сақтайтын бөлменің талаптарының бұзылғандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.