ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Серік Айсин Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл 48 жасқа толған оның екі жоғары білімі бар. 1995 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтынан "инженер", "менеджер-экономист", 1999 жылы Академиялық құқық институтынан заңгер мамандығымен жоғары білім алған.
Еңбек жолын салық органдарында бастап, Алматы, Ақмола, Атырау облыстарының салық комитетінде түрлі лауазымды атқарды. Кейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті методология және бақылау департаментінде басқармаға басшылық етті. Ал, 2019 жылдың маусымынан бері Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры болды.