Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметіне сүйенсек, мектептерді жаңа оқулықтармен қамтуға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы 1 млрд 257 млн теңгені құрайды, - деп хабарлайды Egemen.kz
«Қай кезде де оқушылар сапалы білім алуы керек. Сол себептен, мектептерді оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен қамту –біз ұстанып отырған басым бағыттың бірі. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 1 млрд 257 млн теңге бөлінді. Жаңа оқулықтарды сатып алу үшін 19 баспамен 110 келісімшарт жасалды. Облысқа оқулықтар 10 тамыздан бері жеткізіле бастады. Барлық мектеп 20 тамызға дейін оқулықтармен толық қамтылады. Оқулықтарды тасымалдауға 14 млн теңге қаралды» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.