Италия үкіметі Колумбиядағы індеттің өршіген түріне қарап әуе байланысын белгісіз мерзімге тоқтата тұратыны туралы шешім қабылдаған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Колумбия Денсаулық сақтау министрлігінің Twitterдегі парақшасына сілтеме жасаған REGNUM соңғы 24 сағат ішінде 362 пациенттің тынысы тоқтағанын жазады. Әлемде пандемия патшалық құрғалы бұл елде 422 519 адам SARS-CoV-2 жұқтырып, 13 837 колумбиялық індеттің құрбаны болған. Ал жалпы ел көлемінде 239 785 жан жазылып, 2 023 256 адам тест тапсырыпты.