БҰҰ халықаралық қауымдастықты Йемен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге шақырады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Елдің солтүстігінде су тасқыны салдарынан 5 айда 130 адам қайтыс болды. 30 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Қатты жаңбыр тұрғындардың мүлкіне айтарлықтай зиян келтірді. Көптеген жолдар бұзылып, электр желілері бүлінген. Су тазарту станцияларының жұмысы бұзылған.