• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2013

Үшінші индустриялық революция көшінен қалмауға тиіспіз

412 рет
көрсетілді

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз», деп атап көрсетті.

Елбасы мемлекеттің үшінші индустриялық революция нәтижесінде пайда болатын секторларды ескере отырып, ұлттық компаниялар арқылы болашақтың экономикасын дамытуды ынталандыру қажеттілігіне айрықша назар аударды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз», деп атап көрсетті.

Елбасы мемлекеттің үшінші индустриялық революция нәтижесінде пайда болатын секторларды ескере отырып, ұлттық компаниялар арқылы болашақтың экономикасын дамытуды ынталандыру қажеттілігіне айрықша назар аударды.

Елбасының Үшінші индустриялық революцияға қатысты тапсырмаларын орындау үшін, біздің ойымызша, ең бас­тысы, қазақстандық ғылымды ұйым­дас­тыруды жүйелі түрде жаңғырту қажет.

Қазақстандық ғылымды жаң­ғыр­ту және осыған байланысты мәсе­лелерді кешенді шешу үшін шын мә­нісінде, осы саладағы жұмыстарды ұйымдастырудағы тетіктерді түпкілікті өзгерту қажет және бұл ретте ғылыми зерттеулердің нәтижелерін нарықтық экономиканың өзекті мәселелерін шешуге бағыттау аса маңызды. Ол үшін экономиканың нақты секторына ғылымның қосатын үлесін арттыру, ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру тетіктерін жетілдіру, бизнес-қауымдастықтың ғылыми әзірлемелерге қатысуын ынталандыру сияқты шараларды қолдану бүгінгі таңда өте маңызды.

Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңы бойынша ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру базалық, гранттық, бағдарламалық – нысаналы түрде қаражат бөлу арқылы бір жүйеге келтірілді.

Ғылыми нәтижелерге деген сұ­ра­ныс, ғылымның қолданбалы нәти­желерін бағалаудың негізгі өлшемі болып, тек осы жағдайда ғана ғылым экономикалық өсу мен қоғамдық дамудың «локомотивіне» айналуы мүмкін. Қалыптасқан үрдіске сәйкес, мемлекет қазіргі таңда, өнеркәсіп пен бизнестің тарапынан инновацияларға сұранысты емес, ұсынысты ғана ынталандырады.

Осы үрдісті өзгерту және Үшінші индустриялық революциядағы міндет­терді шешу үшін мынадай шараларды қолдану қажет:

біріншіден, іргелі зерттеулердің арасынан ел экономикасының дамуына үлес қосатын ғылыми нәтижелерге сараптама жүргізіп, болашақта Қазақстанның ғылымын жоғары дәрежеге көтеретін әзірлемелерді таңдап алып, оларды дамыту жолдарын қарастыру;

екіншіден, инновациялық көшбасшы болу үшін іргелі нәтижелерден қолдан­балы жағы басым 10 шақты жобаны үдемелі түрде қаржыландыруды іске асыру;

үшіншіден, Елбасы айтқандай, мемлекет ұлттық компаниялар мен жекеменшік кәсіпорындармен бірле­сіп, өндіріске енгізу үшін Үшінші индустриялық көшбасшы бола алатын 3-4 тәжірибелік нәтижені таңдап алып, өндіріске енгізу үшін қолдау қажет.

Бұл үрдіске республикада ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) шығынының бұрыннан бері қалыптасқан, зерттеме­лерге көп қаржы жұмсалатын тиімсіз құрылымы өте келеңсіз әсер етеді. Осының нәтижесінде көптеген аяқ­талған ғылыми зерттеулер өндіріске енгізуге дайын болмайды.

Сондықтан келешекте өндіріске енгізуге дайын әзірлемелерді қар­жы­ландыру ғылымның негізгі қаржысынан 50% -дан кем болмауы тиіс.

Сондай-ақ, ғылым саласында қалып­тасқан ахуалды жақсартудың маңызды және қажетті шарты – қоғамдағы ғылыми еңбектің мәртебесін қалпына келтіру деп ойлаймыз.

Үшінші индустриялық революция үшін басым бағыттардағы ғылыми мамандықтар бойынша кадрлар қажет.Қазақстан, әсіресе, жаңа инновациялық технологияларды меңгерген мамандарға зәру.

Қазіргі таңда Қазақстанда Болон үдерісіне сәйкес бакалаврлар, магистрлар мен PhD докторлары даяр­ланады. ЖОО магистранттар мен PhD докторларын даярлау барысында отандық ғылыми-зерттеу институттарымен келісімшарттарға отырса, болашақ ғылыми қызметкерлер еліміздің жетекші ғалымдарынан тәлім алып, өздерінің зерттеу жұмыстарының деңгейін арттырары сөзсіз.

Осы ретте, мемлекеттік-жеке­меншік әріптестікті дамыту, мемлекет пен бизнестің ғылымға салатын қаржысын қолданудың тиімділігін арттыру, демек, оны жүйелі жаңғырту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі осыдан 5 жыл бұрын заңды тұлғаларды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге қабілетті, олардың акцияларының пакеті мен қатысу үлесі жарғылық капиталына берілген «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ құру туралы қаулы қабылдады.

Холдинг минералды қорлардың орнын толтыру, игеру, терең өңдеу және жаңа материалдарды алу; сейсмология, су қорлары; энергетика; фармацевтика, информатика бойынша жұмыс істеуде.

Өзінің қызметінің алғашқы күн­дерінен бастап холдинг тұжырымдама қалыптастырды және содан кейін өзінің даму стратегиясын таңдады, онда біз маңызды дайындамалары бар елдің ғылыми ұйымдары мен ЖОО әлеуетіне сүйендік.

Бұл бағытта холдинг белсенді жұмыс атқара бастады және 2011 жылдан бастап ұлттық компаниялардың, өндірістік кәсіпорындардың және ЖОО-ның қатысуымен минералды-шикізат кешенінде, дәрі-дәрмек, химия өнеркәсібінде, тау кен-металлургия саласында инновацияларды дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруда.

Аталған бағдарламалар аясында ҒЗЖ жобаларын орындау барысында холдингтің ғалымдарымен Үшінші индустриялық революцияның көптеген негізгі бағыттары бойынша өнеркәсіптік меңгеруге ондаған технологиялар дайындалуда.

Сонымен қатар, қазіргі таңда холдинг «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ, «Қазақмыс» корпорация­сы» ЖШС-мен бірлескен бірқатар жобаларды іске асыруда. Сөйтіп, «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ кәсіпорнында рений өнімін өндіруді ұйымдастыру» жобасының шеңберінде жерасты сілтісіздендіру техногендік ерітінділерінен ренийді бөліп алу технологиясы әзірленді.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ-пен бірлескен жұмыс істелуде. Оның құрамына кіретін ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдар қол қоюға дайындалуда.

Мемлекет басшысының «Қазақ­стан-2050» Стратегиясында елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне негізделген экономиканың тұрақты және тиімді моделі мен Астана қала­сында болатын «Болашақ энергиясы» атты ЭКСПО-2017 көрмесінде әлемдік ғылым мен техниканың үз­дік жетістіктерін көрсетуге бағдар бергендігі айқын.

Елбасы алға қойған «инновациялық жаңғыртылатын энергетика, энергия үнемдейтін технологиялар саласында серпіліс жасау» міндеттерін ескере отырып, холдинг «Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған таза энергия көздерін жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасын әзірледі.

Бұл бағдарлама Үкіметтің жа­нындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен мақұлданды және ол жақын уақытта іске асырыла бастайды.

Мұндай бағдарламаны іске асыру, сөз жоқ, ғылыми ұйымдардың, ЖОО мен бизнестің іс жүзінде ықпалдасуына мүмкіндік береді.

Аталмыш мақаланың шеңбері «Парасат» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының 5 жыл уақыт бедерінде қол жеткізген барлық маңызды нәти­желері туралы айтуға мүмкіндік бер­мейді, сондықтан олардың кейбіріне ғана тоқталайық.

Жалпы, осының бәрі, ғылыми зерт­теулерді жүргізуге жекеменшік инвес­тицияларды тартуды ынталандыру бойынша шаралар кешенін қабылдауға бағытталған дамудың біз таңдаған стратегиясының дұрыстығын растайды.

Қазіргі таңда біз холдингтің же­кеменшік және мемлекеттік кәсіп­орындармен бірге осы жылдары жасап жатқан мынадай жобаларын мақтанышпен айта аламыз:

– Астана қаласында «Астана – жа­ңа қала» арнайы экономикалық аймағы Индустриялық паркі аумағында «Led System» ЖШС-мен бірлесіп жарық диодтары мен жарық диодты көше шамшырақтарын өндіру бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік телім жасалып жатыр. Жоба энергия үнемдеуді, халықаралық талаптарға сай экологиялық қауіпсіздікті біршама арттыруға бағытталған;

– Отандық ғалымдардың әзір­ле­мелерінің негізінде «Темір мен мыс» ЖШС-мен бірлесіп гидродинамикалық қыздырғыштарды сериялық шығару бойынша өндіріс құрылуда, аталған қондырғылар Астана қаласында «Үкімет үйі» мен «Парасат» холдингі ғимаратында жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесінде табысты жұмыс етуде;

– Қарағанды қаласында «Кенжер» ЖШС-мен бірлесіп «Физика-техни­калық институт» ЖШС технологиялары негізінде әзірленген энергия автономды, қалдықсыз және экологиялық таза металлургиялық кремнийді өндірудің болашақ зауытының тәжі­рибелік-өнеркәсіптік телімінде жабдықты құ­растыру жүргізілуде. Осы жабдық қазіргі таңда жұмыс істемей тұрған кремний өндіру зауытын іске қосуға ықпал етеді;

– Өскемен қаласында «Ерлитос» ЖШС-мен бірлесіп «Алтай геология-экологиялық институты» ЖШС негі­зінде «Тагансорбент» дәрілік минералды препараттарын шығару бойынша фармацевтикалық зауыттың тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісі іске қосу сатысында тұр;

– Орал қаласында Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен бірлесіп отандық ғалымдардың соны технологияларының негізінде қара уыл­дырық пен тауарлық бекіре етін өндіру бойынша болашақ кешеннің тәжірибелік-өнеркәсіптік телімі жасалды.

«Парасат» холдингі қызметінің стра­тегиялық бағыттарының бірі – өзінің құрылымында тәуекел инвестициялау қорын құру болып табылады. Осы қор арқылы ғалымдардың технологияларын коммерцияландыру қамтылады.

Холдингтің еншілес ұйымдары өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жеке ұйымдардың тапсырысы бойынша қомақты сомаға ҒЗТКЖ орындайды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің жалпы бюджеттен тыс қаржыландырылуы 34%-ды құрады.

Алғаш рет әлемдік тәжірибеде ЮНЕСКО-ның Бас Ассамблеясымен География институтының жанында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру туралы шешім қа­был­данды. Оның негізгі міндеті – Қазақстанда қалыптасатын су қорларын мониторингілеу мен бағалау.

Алғаш рет әлемдік тәжірибеде «Жезқазғансирекмет» РМК-да радиогенді осмий – 187- нің өнеркәсіптік өндірісі ұйымдастырылды.

Холдингке қарасты Ұлттық ақпа­раттандыру орталығының отандық білім беруді жаңғырту мақсатында инновациялық өнім шығарудағы үлесі зор. Орталық компьютерлік бағ­дарламалар ретінде орта жалпы білім беру мекемелеріне 130-дан астам, техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарына 59, жоғары оқу орындары үшін – 70 электронды оқулықтар әзірледі. Олар ел өңірлеріндегі оқу орындарында ғылыми-педагогикалық сынақтан өтті.

Отандық ғалымдардың технологияларына негізделген экономикалық тәуелсіздікке кез келген мемлекет қол жеткізе алмайтындығы баршаға мәлім. Қазақстан ғылымға жыл сайын инвес­тицияны арттыру арқылы осы қиын жолдың бастауында тұр және олар өз алғашқы нәтижелерін беруде.

Үшінші индустриялық революция әлемді түбегейлі өзгертеді. Әлемді жаңа инновациялық технологиялар мен жаңалықтар күтіп тұр.

Қазақстан ғалымдары Үшінші ин­дустриялық революцияны іске асыруға және қазақстандық ғылымды жаңғыртуға өздерінің сүбелі үлестерін қосады деген сеніміміз мол.

Әбдікәрім ЗЕЙНУЛЛИН,

«Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ

басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы,

профессор.

Соңғы жаңалықтар