• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Тамыз, 2020

Елордалық сауда және бизнес нысандары ашылуға дайындалып жатыр

189 рет
көрсетілді

17 тамыздан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі. Осыған байланысты, елордадағы ірі сауда орындары санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Оны қалалық әкімдік пен СЭС қызметкерлері тексеріп жүр, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлтты арнасына сілтеме жасап. 

Ірі сауда орталықтары карантиннің аяқталуын асыға күтіп жүр. Дайындықтары да жақсы. Кіреберіске қызу өлшейтін құрылғылар, ғимарат ішіне жағалай антисептиктер қойған. Бірақ, қалада жүргізілген рейд кезінде кемшіліктер де анықталыпты. 

"Карантин талабы жеңілдесе, сауда үйлерінде адамның көбейетіні бірінші кезеңде-ақ көрінген. Сол кезде 1,5-2 метрлік қашықтық сақталуы қиын болған. Осы мәселе әлі де күрделі", - дейді мамандар. 

Мейрамханалар мен дәмханалар, отельдер де қонақ күтуге қамданып жатыр. Бірі даяршыларға арнайы маска кигізсе, бірі клиенттеріне тегін маскалар дайындап қойған.