Полиция есірткі, психотропты заттар және прекурсорлар сататын дәріханалар арасынан 46 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелері осындай. Рейд жүргізу барысында 280 астам шаруашылық жүргізуші субъект тексерілді. Белгілі болғанындай 40 жуық субъект құрамында есірткі заттар бар медициналық препараттарды сату және сақтау ережелерін бұзған, екі дәріхана фармацевтикалық қызметін заңсыз жүргізген. ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті құрамында есірткі және психотропты заттар бар дәрілік құралдардың сатылуын мұқият қадағалайды. Бұндай препараттар бейінді мамандарда есепте тұрған адамдарға қатаң рецепт бойынша ғана сатылуы тиіс. 36 дәріханада анықталған осындай препараттарды сатуды тәртібін бұзу деректері бойынша материаладар провизорларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін денсаулық сақтау органдарының аумақтық фармацевтикалық бақылау бөліністеріне жолданды.
Барлығы 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық Кодекстің (Есірткі құралдарды қолдану ережелерін бұзу) 303-бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Ол бап бойынша үш мың АЕК дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру, немесе сол мерзімге фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жаза көзделген.