• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Тамыз, 2020

«Барселона» тапталған күн. «Бавария» Месси және оның командасын үйіне ерте қайтарды! (фоторепортаж)

1840 рет
көрсетілді

«Барселона» – «Бавария» матчы Лионель Месси мен Роберт Левандовскидің «Алтын допқа» кімнің лайық екенін көрсетіп бергендей. Әрине, футбол тарихында аргентиналық футболшының есімі, атақ-даңқы танымал. Бірақ Лиссабонда Левандовски және оның командасы қай кездеде мықты екенін дәлелдей алды.

Ойынды суреттеп қайтеміз, барлығыңыз көрген шығарсыздар. Бірақ, қарсыласынан әр таймда 4 гол жіберіп алатын «Барселонаны» бұрын соңды көрмеппін. Сөз жоқ Месси – феномен! Осындай мықты ойыншысы бар команданы жолдан тайдырған және 8:2 есебімен ойсырата жеңген «Баварияда» «ұят», «аяушылық» жоқ деушілер де табылар. Алайда, бұл – футбол. Футболда аяушылық деген болмайды.

Осындай көріністі «неміс машиналарының» қатысуымен бұрын бір жерде көрген сияқтымын. Сөйтсем, кейіннен есіме түсті. 2014 жылы өткен әлем чемпионаты кезінде Бразилия ұлттық құрамасын 7:1 есебімен тас-талқан еткен немістердің ұлттық құрамасы кейіннен мундиал кубогын басына көтерді. Бір қызығы, сол матчта есепті бірінші болып немістер сапында Томас Мюллер ашып, командасын жеңіске жетелеген еді. Бүгінде ойынның 4 минутында есепті бірінші болып сол баяғы Мюллер ашып отыр.

 Ойын статистикасы:

«Барселона» – «Бавария» 2:8

Алаба 7 (өз қақпасына), Суарес 57 – Мюллер 4, 31, Перишич 21, Гнабри 27, Киммих 63, Левандовский 82, Коутиньо 85, 89.

Допты иелік ету – 49% – 51%; соққы – 8:26; дәл соққы – 5:26; бұрыштама – 6:9; офсайд – 4:2; сары қағаз – 3:3; ойыншы алмастыру – 2:5.

«Барселона»: қақпашы – Тер Штеген; қорғаушылар – Альба, Ленгле, Пике, Семеду; жартылай қорғаушылар – Де Йонг, Бускетс (Фати), Роберто (Гризманн); шабуылшы – Видаль, Суарес, Месси.

«Бавария»: қақпашы – Нойер; қорғаушылар – Киммих, Боатенг (Зюле), Алаба, Дэвис (Эрнандес); жартылай қорғаушылар – Горетцка (Толиссо), Алькантара, Гнабри (Коутиньо), Перишич (Коман); шабуылшылар – Мюллер, Левандовский.