• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2013

Орталық саябақ қала меншігіне қайтарылды

440 рет
көрсетілді

Бір кездері Қазақстанның барлық қиырынан өнер, білім іздеп ағылған аға буынға Алматыдағы Орталық демалыс және мәдениет паркін таныстырып жатудың қажеті жоқ. Алайда, осы қалада туып-өскен кейінгілердің көбі бұл саябақ туралы біле бермейді. Оның бір себебі, мұнда жастар үшін ойын-сауықтың басқа түрі көп болса, екіншіден, көп жылдар бойы күтім көрмей тұрған демалыс орнында серуендейтіндей түр қалмаған-ды. Таяу күндері қаладағы ең үлкен парк мүлкі коммуналдық меншікке қайтарылды.

Биыл мамыр айының аяғында шаһар басшысы қазіргі күйі сын көтермейтін Орталық саябақты екі апта аясында ретке келтіруді талап еткен болатын. Екі апта түгілі екі ай өтсе де паркті демалыстың заманауи талаптарына сай ете алмаған меншік иелері саябақты муниципиалды меншікке қайтаруға мәжбүр болды.

Бүгінгі күндері қала әкімшілігі парк келбетін жаңа заман талғамына көтеру үшін жаңа тұжырымдама жасауды қолға алды.

Ал өткен аптада жалпықалалық сенбілікке орайлас келген осынау оқиға кезінде қала әкімі Ахметжан Есі­мов осындағы ағаш отырғызу рәсі­мі­не қатысты. Веложарыс мәре­сі де осында өтті. Сенбілікке шыққан қа­лалықтардың көпшілігі Орта­лық саябақты қоқыстан тазартуға ықыластана қатысты.

Сенбілік кезінде Алматы әкімі Ор­талық демалыс және мәдениет паркі же­ке­­мен­шіктен қайтарылғандығын жет­кізіп:

– Бүгіннен бастап, паркке кіру те­гін, біз Орталық паркті түгелдей жаңар­тып, ретке келтіретін боламыз. Жаңа ағаштар отырғызамыз. Келер жылы парк келушілерді жаңа келбетімен қарсы алатын болады, – деді.

Сол күні-ақ паркте 60 шырша, 500 жалпақ жапырақты ағаш отырғызылды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар