Канададағы Манитоба университетінің ғалымдары таза мақта-матадан тігілген киімдер мен тұмшаға түскен SARS-CoV-2 вирусы бір тәулікке жетпей белсенділігін жоятынын анықтағаны жайлы medRxiv-ке сүйене отырып РБК жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерттеушілер түрлі материалдарда вирустың қалай тіршілік ететінін саралай келе ешқандай қоспасыз таза мақтадан алынған шүберек атаулыда вирустың өмір сүре алмайтынына көздерін жеткізіпті.
Ғалымдар дәрігерлер киетін нитрилден жасалған қолғаптарды, N-95 және N-100 бет тұмшаларын, сосын өте жеңіл әрі берік Tyvek атты тоқылмаған материалды, пластик және тат баспайтын болатты 3 апта бойына вирусты ортада ұстап сынаған. Сонда мақтадан тігілген бұйымдарда вирус тәулікке жетпей құрып кетіп отырған көрінеді.
Иллинойс университетінің ғалымдары да (әзірге сараптаушылардың нақты қортындысы шықпаған) таза мақтадан тоқылған жұмсақ матаның 3 қабаты вирустан хирургиялық арнайы қорғаныш киімді алмастыра алады деген тұжырымға келіп отыр екен. Ал Ресейдің зерттеушісі Станислав Отставновегер мақтадан тігілген киімді үйге әкеліп іліп қойып, бір тәуліктен соң еш қауіпсіз, күманданбастан киіп кетуге болады дейді.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.