• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Тамыз, 2020

Елімізде қосымша 100 мың тұрақты жұмыс орны құрылады

514 рет
көрсетілді

Қазақстанда аралас салалар бойынша қосымша 100 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аудара отырып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі оңтайландырылды. Осы жобалар аяқталғаннан кейін аралас салаларда қосымша 100 мың тұрақты жұмыс орны құрылады", деді Асқар Мамин.

Министрлер кабинетінің басшысы төрт өңірде жұмыспен қамтуды қолдау бойынша шараларды іске асырудың қарқыны жақсы екенін айтты.

"Жалпы, төрт өңірде жұмыспен қамтуды қолдау шараларын жүзеге асыруда жақсы динамика байқалатынын атап өткен жөн. Бұл Шымкент, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. Ал Батыс Қазақстан облысында төмен көрсеткіштер", деді Асқар Мамин.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.