Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, әсіресе пандемия жағдайында кәсіпкерлік нысандарды қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шараларына ерекше көңіл бөліну керектігін назарға алған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында, "ДорХан - Алматы" ЖШС басшысы Роман Радаев, бір жыл ішінде мегаполисте күніне 50 қақпа 80-ге жуық ролеттік жүйе шығаруға мүмкіндік беретін екі цех салынғанын хабарлады. Кәсіпорын көше қақпалары, автоматты есіктер өндірісін ашып, аумақты одан әрі дамытуды, кеңейтуді жоспарлап отыр. Жалпы компания 160-қа жуық өнім шығарады. "ДорХан-Алматы" ЖШС - бұл 42 жұмыс орнын ашқан, 416,6 млн. тенге сомасына тең, жобалық қуаты 12 125 бірлікті құрайтын металл өңдейтін, жылжымалы қоршау конструкциялар жасайтын, автоматты қақпалар мен роллқақпақтарды өндіретін кешен құрылысы.
"Мұндай өндіріс үшін Алматыда орын табу өте қымбат, — дейді Роман Радаев. Бұған дейін біз 2 мың шаршы метр алаңда жұмыс жасадық. Біз үшін бұл өте аз болды. Ал қазір сыртта сақтайтын орындарды қоса есептегенде, шамамен 6 мың шаршы метр жерде жұмыс істеп жатырмыз. Кешеннің орналасқан жері, инфрақұрылымы ыңғайлы болғаны тұтынушылар мен дилерлердің тілектерін толық орындауға мүмкіндік береді. Өнімді тез, жылдам жеткіземіз. Жалпы индустриялық аймақ-бұл Қазақстандағы кәсіпкерлерге құрылыс жүргізуге, дамуға, өсуге және тұтынушыларды сапалы сервиспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тамаша жоба".
Ағымдағы жылы индустриялық аймақ аумағында 1 131 жұмыс орнын ашатын, 29,9 млрд.теңге сомасына тең 9 жобаны (Hyundai Trans Kazakhstan, Каз-Диа-Тест, г. С. г. Высотник, СК Рахат, Сити Стоун, ТЕХНОКОНТ, Электробар, КазПромВент, SAVENERGY) іске қосу жоспарлануда.
2021 және одан кейінгі жылдары халықты 5 450 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, 159,5 млрд.теңге сомасына тең 36 жобаны іске қосу жоспарлануда. Индустриялық аймақ аумағында Техновид, КМК Investment, BRB APK, Doc Co., Ltd., ЭНКО, Бижан МӨЗ, Hyundai Trans Kazakhstan, ДорХан-Алматы, "Astana Invest" корпорациясы, ЭКО СТАР БОЙЛЕР, Алматы жылу оқшаулау зауыты сияқты компаниялардың жоғары технологиялық жобалары іске асырылатын болады. 20-дан астам кәсіпорын экспортқа бағытталған өнім шығаратын болады.