• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Тамыз, 2020

Атырауда табиғатты бүлдіргендерге 1,2 млн теңге айыппұл салынды

264 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Таза Қазақстан"  республикалық алдын алу іс-шарасы басталғалы бері өңір полицейлері 600-ге жуық  хаттама толтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бұл іс-шараны өткізудегі басты  мақсаты – экологиялық  құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу, облыс тұрғындарына қоршаған ортаға, табиғатқа  қамқорлық танытуды түсіндіру. Әсіресе, адамдар көп жиналатын  Жайық өзенінің, Индер ауданындағы Тұздыкөл мен Жылыой ауданындағы Қамыскөл  көлдерінің жағалаулары мен демалыс аймақтарына  рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Аталған су айдындарының жағалауларында ішімдік ішіп, мас күйінде жүргендер –21, жасыл желектерді бүлдірген –28, белгіліленбеген орындарда балық аулаған – 47, белгіленбеген жерлерде суға түскен –247, темекі, қоқыс қалдықтарын тастағандарға қатысты   27 дерек  анықталды. Құқық бұзушыларға 1миллион 242 680 теңге айыппұл салынды" - деді облыстық полиция  департаментінің  бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.