• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 19 Тамыз, 2020

Амандығымыздың амалы – індеттің алдын алу

265 рет
көрсетілді

Жер-жаһанға жайылған жаманат індет біздің елге де айтарлықтай соққы болып тиді. Айналамыздағы ағайын­ның көбі дертке шалдығып, зауал зәре-құтымызды қашырды.

Індет індеп бара жатқан соң шектеу шараларын мық­тап күшейткеніміз амандығы­мыздың басты кепілі болды. Дауасы табыла қоймаған дерт­ке қарсы тұрар амалымыз – әзірге алдын алып, қорғану ғана.

Карантиннің аяқталғанын жұрт асыға күткені жасырын емес. Дей тұрғанмен, сақ­тық шараларын барынша ұстанып, дәрігерлер мен медицина мамандарының айтқан кеңестерін естен шы­ғармауымыз керек. Себебі індеттің ізі өшті ме, өшпеді ме ол жағы бір Аллаға аян. Сондықтан осы елдің бір азаматы ретінде Қазақ елін, отандастарымызды осал болмауға, карантин бітті екен деп бо­саңсымауға, той-томалаққа, адам көп шоғырланатын жерлерге бармауға шақырамын. Осыған дейін орын алған қайғылы оқиғалардан сабақ алып, маскамызды тағып, жақынымызға жанашыр болуды жадымыздан шығармасақ деймін. Қызық пен қуанышқа, той мен думанға баратын шаттыққа толы шақтар әлі алда. Ол үшін осынау қиын кезеңде қиылып түспей, ел болып еңсемізді тіктеп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарар күнде бірлігімізді танытып, бір-бірімізге қол ұшын берейік. Тұғырлы еліміздің ғұмырлы болашағына се­нейік. Іргеміздегі індетті бірге жеңейік.

 

Айбек БЕКБОСЫН,

күйші-композитор,

Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры

 

СЕМЕЙ