• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Тамыз, 2020

Қазалыда провизорлық стационар жабылды

343 рет
көрсетілді

Қазалы ауданаралық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміндегі соңғы науқас емделіп шығып, провизорлық стационар жабылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүз орындық бұл орталық осыдан 5 ай бұрын ашылған. Індет өршіген кезде ақ халатты абзал жандар күні-түні көз ілмей еңбек етіп, науқастардың өміріне араша болды.

"Соңғы уақыттың ішінде стационарға коронавирус, пневмония дертімен науқастар түскен жоқ. Бүгін мұндағы соңғы науқастарды шығарып, провизорлық стационарды жаптық. Енді бұл жерлерге дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, жұқпалы аурулар бөлімі халыққа қалыпты жағдайда қызмет көрсететін болады", – дейді Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева.

Дәрігерлер провизорлық стационарда ем алып, үйіне асыққан соңғы науқасты құрмет көрсетіп шығарып салды. Емделіп шыққан азаматтар алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге алғысын білдіріп, қолдау шараларын танытқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Бұған дейін аудандағы Қазалы теміржол ауруханасындағы провизорлық стационар да жабылып, қалыпты жағдайда жұмыс істеуді бастап кетті.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.