• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Тамыз, 2020

Жетісу жастары дәрігерлерге арнап "Алғыс жәшігін" ашты

529 рет
көрсетілді

Жетісу жастары «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясын  жалғастырып жатыр. Бұған дейін аймақтағы ауруханаларға көмек қолын созып, ақ халатты абзал жандарды қолдаған еріктілер енді жалпақ жұрттың медицина қызметкерлеріне арнаған тілегін жинастарып, табыстауға кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, «Jas Otan» Жастар қанаты Алматы  облыстық филиалының белсенділері Талдықорған қаласындағы «Арбат» демалыс алаңына «Алғыс жәшігін» қойды. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары дәргерлерге деген лебізін және өтініштерін жазып қалдыра алады. Ал «Алғыс жәшігіне» түскен алғыс-тілек, ұсыныстарға сараптама жасалып, елдің таңдауы түсіп, ең көп алғысқа ие болған дәрігерлерді марапаттау туралы ұсыныс айтылмақ. Бұл идеяны облыстық денсаулық сақтау басқармасы да қолдап отыр. Осылайша облыс жастары дәрігерлердің мәртебесін көтеруге өз үлестерін қоспақшы.  

"Бұл акция апта бойы жалғасып, еріктілер қала тұрғындарының пікірі мен ұсынысын, алғысы мен тілегін жинақтайды. Нәтижесінде халық алғысына бөленген айтулы дәрігерлердің еңбегін ынталандыру туралы тиісті орындарға ұсыныс енгізіп, бастама көтермекпіз. Ал Арбатқа қойған акция аяқталғасын «Алғыс жәшігін» Талдықорған қаласының көп салалы ауруханасына сыйлаймыз. Ауруханаға келген адамдар өз тілегін қалдырып, пікір-ұсыныс беретін аранулы орын болса деген  оймыз бар", - дейді «Jas Otan» Жастар қанаты Алматы  облыстық филиалының жетекшісі Еркебұлан Ақболатов.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.