• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Тамыз, 2020

Қазақстанда ұлттық тауар өткізу жүйесі құрылып жатыр

607 рет
көрсетілді

Сауда саласын жаңғырту шеңберінде біртұтас және тиімді сауда-логистикалық инфрақұрылымын – ұлттық тауар өткізу жүйесін (ҰТЖ) құру бойынша жұмыс басталды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, ҰТЖ фермерлерді, сатып алушыларды, тасымалдаушыларды, делдалдар мен ретейлерлерді бірыңғай кластерге біріктіреді. 

Сауда және интеграция министрлігі 24 көтерме-тарату орталығы "табиғи" негізгі ҰТЖ болатынын хабарлады. Министр Б.Сұлтановтың айтуынша, бірыңғай цифрлық жүйемен байланыстағы КТО өндірушіден тұтынушыға дейін өнім жеткізу тізбегін оңтайландыруға мүмкіндік береді, өнімді сақтау, тиімді бөлу және өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды. Тауар шығындарын азайту фермерлерге өнімділікті арттыруға қосымша инвестициялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

"Бұдан басқа, жеке өндірушінің өткізу нарықтарына және сату алдындағы сауда инфрақұрылымына толық тікелей қол жеткізуі жеке меншік иесінің де, жалпы саланың да кірістерін арттырады", - деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, ҰТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын 45% - ға дейін төмендеуін қамтамасыз етеді.

"Бұл қазақстандық тұтынушылар үшін жыл сайын шамамен 60 миллиард үнемдейді. Ұлттық тауар өткізу жүйесі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ететіні және наурыз-сәуір айларында көргеніміздей, маусымдық және ажиотажды "тапшылық" үрдістерді болдырмауға мүмкіндік беретіні маңызды", - деді Бақыт Сұлтанов.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.