• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Тамыз, 2020

АҚШ вице-президенттігіне үміткер анықталды

867 рет
көрсетілді

Демократиялық партия атынан Калифорния сенаторы Камала Харрис АҚШ вице-президенттігіне үміткер ретінде ұсынылды. Бұл туралы Висконсин штатындағы Милуокиде онлайн форматта өткен демократтар съезінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Камала Харрис осы лауазымға ұсынылған алғашқы афро-америкалық әйел болды. Ол бұған дейін демократтар атынан АҚШ президенттігіне ресми түрде ұсынылған Джо Байденмен бірге саулауға түседі.

Конгресте К.Харрис елдегі әлі де болса, дүрбелеңі басыла қоймаған нәсілшілдік мәселесі туралы сөз қозғады. Аталған жайттан кейін Америкада афро-америкалықтардың және жергілікті тұрғындардың коронавирус індетінен өлім құшқандар саны өскенін атап өтті.

Оның пікірінше, білім мен денсаулық саласында, ана мен бала денсаулығында, тұрғын үй мен жұмыспен қамту мәселесінде және көлік саласындағы тұрақсыздықтардың барлығы – қоғамның нәсілшілдікке бой алдыруында деп нақтылады. Сондай-ақ бұл "нәсілшілдік" жүйесі сот төрелігінде де жиі әділетсіздікке ұшырайтынын айтып өтті.

Бұған дейін К.Харрис президенттікке үміткер болған. Алайда бастапты сайлау мінберлерінде-ақ қуантарлық нәтиже көрсетпеген. 77 жастағы Байден вице-президент ретінде сайланған жағдайда, 55 жастағы Харрис ол кеткеннен кейін партия жетекшісі болады. Егер азаматша вице-президент орындығына отыратын болса, қара нәсілді әйел ретінде Америка тарихында алғашқы саясаткерлердің біріне айналмақ.

АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтеді. Республикашылардан оларға қарсы үміткер ретінде қазіргі Мемлекет басшысы Дональд Трамп бақ сынайды.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.