• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Тамыз, 2020

Тарифтер төмендетілді

413 рет
көрсетілді

Табиғи монополияларды реттеу комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысының Бөдене, Өрлік ауылдарында суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф төмендетілді.

«Агро Строй Индер» ЖШС-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Таби­ғи монополиялар туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Заңының 26-бабының 2-тарма­ғының 15) тармақшасы, атап айтқанда бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығын анықтады.

2019 жылға «Агро Строй Индер» ЖШС-ның Индер ауданы суды таратушы желілер арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін қоса есептегендегі негізсіз алынған табысының сомасы Бөдене ауылы бойынша – 4 744 480 теңге; Өрлік ауылы бойынша – 7 061 760 теңгені құрайды.

Осыған сәйкес, департамент осы жылдың 1 қазанынан бастап, «Агро Строй Индер» ЖШС-не уақытша өтемдік тарифі ҚҚС-сыз Бөдене ауылы бойынша текше метріне 240,93 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 21,9%-ға төмендетумен, Өрлік ауылы бойынша текше метріне 184,34 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 21,9%-ға төмендетумен енгізеді.

Атырау облысының Исатай ауданында бірқатар қызметтерге тарифтер төмендетілді. «Қамысқала су арнасы» ЖШС-да 2019 жылдың қорытындысы бо­йынша бекітілген тарифтік сметаны орындау талабын сақтамаған.

2019 жылға «Қамысқала су арнасы» ЖШС-ның Исатай ауданына реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі негізсіз алынған табысының сомасы: Аққыстау, Жанбай, Тұщықұдық, Зинеден елді мекендері бо­йынша таратушы желілері арқылы суды беру – 12 893 290 теңге; Аққыстау ауылы сарқынды суларды бұру – 1 843 810 теңге; Исатай ауданына жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау – 664 530 теңгені құрайды. Осыған сәйкес, департамент биыл жылдың 1 қазаннан бастап, «Қамысқала су арнасы» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифі ҚҚС-сыз аталған ауылдар бойынша таратушы желілері арқылы суды беруді текше метріне – 202,32 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 13%, соның ішінде халыққа –  200,2 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыс­тыр­ғанда 13%, басқа тұтынушыларға 399,60 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыс­тырғанда 13%-ға төмендетумен, ал Аққыстау ауылы сарқынды суларды бұру текше метріне 115,71 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 6%, соның ішінде халыққа – 110,9 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 6%, басқа тұтынушыларға 226,83 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 6%-ға төмендетумен берілмек. Сондай-ақ Иса­тай ауданына жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау – 4548,80 теңге/Гкал немесе қолданыстағы тарифпен салыс­тырғанда 9,94%-ға төмендетумен енгізеді.