• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 21 Тамыз, 2020

Қазақстандық студенттер Ресей үкіметінен көмек сұрады

232 рет
көрсетілді

Ресейде оқитын қазақстандық студенттер оқуын жалғастыру үшін ресейлік үкіметтен елге кіруге рұқсат беруді сұрады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір пандемияға байланысты Қазақстан және Ресей шекарасы жабық тұр. Осы себепті барша студенттерге қашықтан оқу ұсынылған. Алайда студенттер қашықтан оқудың сапасы бәсекеге қабілетті болмайды деп отыр. Сондай-ақ медицина және шығармашылық бағытта қашықтан оқу мүлдем мүмкін емес делінген студенттер өтінішінде.

"Біз, ресейлік ЖОО студенттері, шекаралар жабық болғандықтан оқуымызға орала алмай отырмыз, кіруге рұқсат беруіңізді сұраймыз", - делінген өтініште.

Томск мемлекеттік басқару және радиоэлектроника университетінің студенті Екатерина Виниченконың айтуынша, хатқа оның мыңға жуық отандасы - қазақстандық студенттер қол қойған. Олар жатақханада киімдері мен ноутбуктері қалғанын айтады.