«Апат айтып келмейді» деген рас-ау. Кеше, 20 тамызда таңғы сағат 5:00-де Индер ауданының аумағында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Оған машинистің ұйықтап қалуы себеп болған секілді.
«Индер-Теміржолы» ЖШС директоры Берік Ишанғалиевтың мәліметіне сүйенсек, Мақат стансасынан шыққан тепловозға 16 жүк вагонын тіркеліпті. Вагонның үшеуіне жүк тиеліпті. Пойыз апатынан тепловоз машинисі зардап шеккен жоқ.
Қазір аталған апаттың себебі тексеріліп жатыр.