• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Тамыз, 2020

Мемлекеттік органдарға арналған жеңіл көлікке 15 млрд теңге жұмсалған

264 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама департаментінің директоры Сәбит Ахметов карантин кезеңінде автомобиль мен жиһаз сатып алған мемлекеттік органдар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Бүгінде көлік құралдарын сатып алу фактілері бар. Бірақ көбісі Мемлекет абсшысының тапсырмасына дейін тапсырыс берілген дүниелер екенін де ескеру керек.Қалған жағдайлар тексеріліп жатыр.Біз қазірдің өзінде көптеген мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары мемлекеттік сатып алумен айналысқанын білеміз.Сондай-ақ карантин кезінде  санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге арналған арнайы патрульдік көліктер және төтенше жағдайлар қызметі сатып алған көліктер де бар" деді ол онлайн-брифингте.

Сәбит Ахметовтың айтуынша, мемлекеттік сатып алу аясында жеңіл көлікке жұмсалған орташа шығын 4,6 миллион теңгені құрайды.

"Бұл, әдетте, орта класстағы жеңіл автомобильдер. Биыл шектеулермен қатар сатып алынған көліктер өткен жылмен салыстырғанда үш есе аз",  деп толықтырды шенеунік.

Сәбит Ахметов 2019 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы 4,5 мың көлік сатып алынғанын айтты. Оның 15 млрд теңгесі жеңіл көліктерге жұмсалды. Қалған сатып алу коммуналдық қызметтерге арналған арнайы көліктерді сатып алуға байланысты: тракторлар, бульдозерлер, тазартқыш заттар.