SK Volunteer Волонтерлер лигасының белсенділері Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарына 5000-нан астам көп реттік қорғаныс маскаларын таратты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтерлер адамдарды дүкендерден шыққан сәтте және көшеде қарсы алып және гигиена ережелерін еске түсіріп маскаларды таратты. Маскалар әсіресе көшеде қорғансыз жүрген зейнеткерлер мен балаларға берілді.
"Бұл біздің бастамамыз. Бірінші кезекте, біз азаматтарымызға алдын алу шараларын, жеке қауіпсіздікті және маска режимін сақтау қажеттігін еске салғымыз келді. Бірнеше рет қолдануға болатын сапалы және көп реттік маскаларды таңдадық", – деді Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының HR-маманы Айгүл Смаилова.
Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Волонтерлер лигасы "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының бей-жай қарамайтын қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. http://volunteer.sknews.kz/. сайты арқылы өтініш беру арқылы Қазақстанның кез келген азаматы волонтер бола алады.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.