• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 21 Тамыз, 2020

Мұғалім құқығын таптаған ата-ана жазаланады

1017 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мұғалім құқығын бұзатын әрекеттерге барса, ата-ана жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім және ғылым саласындағы оқытушылар мен жұмысшылардың республикалық тамыз жиналысының пленарлық отырысында Асхат Аймағамбетов бұған дейін мұғалімдерді шектен тыс жүктемелер мен мен қағаз жүзіндегі есептерден босату туралы бұйрыққа қол қойғанын атап өтті.

"Мұғалім күніне екі-ақ құжат толтыру керек, біз өз әріптестерімізді басқа жүктемелерден босаттық. Ал бұл тәртіпті бұзғандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Енді колледждерде, университеттерде, балабақшаларда есеп беру күрт азаяды. Ондаған бұйрықтар жойылды және бұл жұмыс жалғасады", - деді Білім министрі.

Аймағамбетов бұл ережені бұзушылар "аяусыз жазаланады" деп баса айтты.

"Қысқа уақыт ішінде 30-ға жуық басшы жазаланып, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ біз ата-аналарды немесе басқа заңды өкілдерді мұғалімдердің құқығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартамыз. Бұл жұмыс жалғасады", - деп түйіндеді ол.