• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Туризм 21 Тамыз, 2020

"Шарын" ұлттық паркінде экотуризмді дамыту бойынша тұжырымдама таныстырылды

356 рет
көрсетілді

Бүгін ашық zoom-конференция форматында көпшілік назарына "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев және басқа сарапшылар қатысты.

Тұсаукесер басында Экология вице-министрі Е.Нысанбаев қазіргі кезде бүкіл әлемде экотуризм өте танымал болып келе жатқанын атап өтті. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен елдің туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаның 10 басым бағытының бірі -құрамында 4 ұлттық парк (Алтын-Емел, Шарын, Көлсай көлдері және Іле-Алатау) бар Алматы облысының тау (шаңғы) кластері.

 Ол өткен жылы 20 мыңнан астам адам келген Шарын ұлттық паркіндегі туристік инфрақұрылым заманауи талаптарға сай келмейтінін және келушілердің толыққанды әрі жайлы тұруы үшін жағдай жасалмайтынын атап өтті. Осыған орай, Министрлік Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен және «Қазақ туризмі» ҰК» АҚ-пен бірлесе отырып, АҚШ-тың халықаралық тәжірибесін зерделеді, құқықтық базаны, тәсілдер мен тетіктерді зерттеді, сонымен қатар экологиялық туризмді дамытудың негізгі принциптерін анықтады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, ұлттық парктерде экологиялық туризмді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері белгіленді.

Сонымен қатар, туристік бағыттар мен жолдарды дамытуға баса назар аударылады, сонымен қатар жеңіл құрылымдарды қолдана отырып, күрделі құрылыстарсыз заманауи сапарлау орталықтарын, глэмпингтер, кемпингтер, этно-ауылдар мен караванингтер құру жоспарлануда. Бұл табиғи ортадағы күйзелістерден аулақ болуға, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін бірыңғай туристік өнім құруға мүмкіндік береді.

Шарын ұлттық паркінде Е.Нысанбаевтың айтуынша, жеке инвестицияларды тарту арқылы қазіргі заманғы 2 келу орталығын орналастырып, 4 жаяу туристік маршрутты ұйымдастыру, түнемелік орын сайлау, сонымен қатар этно-ауыл құру, 3 көру алаңы, глэмпинг алаңдары, кемпингтер, керуен алаңдары, тамақтану орындары мен кәдесый өнімдерін сату орындарын орнату белгіленуде. Сонымен бірге шатқалдағы рекреациялық жүктемені азайту үшін туристерге қызмет көрсететін барлық нысандарды шатқалдардың сыртында орналастыру арқылы экотуризмді дамыту жоспарланған.

Бұл жоспарды іске асыру үшін, егер жоба көпшілікпен талқылағаннан кейін қабылданса, ашық конкурс арқылы болашақ инвесторларды тарту көзделеді. Сонымен бірге, Экология министрлігі бұған дейін бірнеше рет атап өткендей, ұлттық парктердің жерлері Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мемлекет меншігінде толықтай қала отырып, жеке тұлғалардың иелігіне ешқандай жағдайда берілмейді. Туризмді дамыту үшін бөлінген жерлер егер инвестор өз міндеттемесін орындамаса, келісімшартты кез келген уақытта бұзу мүмкіндігімен уақытша пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, тұсаукесер аясында Е.Нысанбаев, ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов, сондай-ақ Ұлттық парктің өкілдері қоғам өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Барлық көтерілген сұрақтар, ескертулер мен ұсыныстар жобаны әрі қарай дайындауда ескерілетін болады, деп хабарлады Экология министрлігі.