Құрманғазы ауданындағы Амангелді ауылының тұсында Ржанау деп аталатын сай бар. Оған көктемде өзен арнасынан асқан су құйылып, кейін шағын көлшік пайда болған екен. Сол көлшікте қалған шабақтар құтқарылды.
«Сазан, мөңке балықтарының шабағын құтқару үшін шұғыл шаралар қолға алынды. Оған жергілікті атқарушы органның, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері мен ауылдың ерікті жастары, сондай-ақ, «Каспий балық», «Амангелді» серіктестіктерінен 60 адам жұмылдырылды. Аталған сайдан шамамен 3 миллионға жуық шабақ құтқарылып, Қиғаш өзеніне жіберілді» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.