• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Тамыз, 2020

Алматыда жиі апат орын алатын күндер белгілі болды

241 рет
көрсетілді

Алматы полициясы қалада жиі апат орын алатын күндерді айтты, – деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді. 

Жыл басынан бері Алматы қаласында жарақаттанған адамдары бар 1 мың 446 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 46 адам қайтыс болды, тағы 1 мың 718 адам жарақат алды. Жүргізушілердің кінәсімен 1 мың 478 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 46 адам қайтыс болды және 1 мың 709 адам жарақат алды. Балалардың қатысуымен 254 жол-көлік оқиғасы тіркелді, төрт бала қайтыс болды, 281-і жарақат алды.

Жол-көлік оқиғаларының орын алуына ықпал еткен көлік жүргізушілерінің негізгі себептері: – маневр жүргізу ережелерін бұзу – 489, 13 адам қаза тауып, 566 адам жарақат алды; – қозғалыс жылдамдығын бұзу – 452, 24 адам қайтыс болды, 511 адам жарақат алды; – реттелмеген қиылыста жүргізу ережелерін бұзу – 63, қайтыс болғандар – бір, жараланғандар – 72; – қарама-қарсы бағыттағы көлік жолына шығып кету – 10, қаза тапқандар – бір, жараланғандар -23.

Жүргізушілердің кесірінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: – жанама соқтығысу – 307, қаза тапқан – бес, зардап шеккендер – 406; – жолай соқтығысу – 222, қаза тапқандар – алты, жараланғандар – 312; – жаяу жүргіншіні қағу – 639, 20 адам қаза тапты, 640 адам жарақат алды; – кедергіні қағу -81, қаза тапқандар – тоғыз, жарақаттанғандар – сегіз;