• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Тамыз, 2020

COVID-19 себебінен жұт болады

2434 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Дэвид Бисли COVID-19 кесірінен "Інжілде жазылғандай алапат аштық болу қауіпі барлығын" айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша пандемия патшалық құрмастан бұрын азық-түлік тапшылығын сезінуші 140 млн адам енді 80 пайызға өсіп, жыл аяғында 270 млн адамды аштық шарпуы мүмкін. "Бұл– адамзат баласы үшін нағыз апат", деген Дэвид Бисли ТАСС тілшісіне берген сұхбатта.

REGNUM Ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда Оңтүстік Африкадағы 45 млн адам вирусқа қосымша құрғақшылық салған салмақтан, және жығылған үстіне жұдырық болған су тасқындарынан аштыққа ұшырауы әбден мүмкін. Сәт сайын жұмыс орындарының жабылуы, адамдардың босып табыссыз қалуы қауіпті одан бетер күшейте түседі, дейді сарапшылар.