• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Тамыз, 2020

Коронавирус жұқтырған 309 адамның жағдайы нашар

171 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 597 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы Egemen.kz коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 597 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 52 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 673 науқас жатыр. 4 924 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 309 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 70 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.

COVID-19 белгілері бар пневмонияның 84 жағдайы тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 823 адам жазылып шыққан.

1-24 тамыз аралығында науқастар саны - 22774-ке жетті, өлім жағдайлары - 258, барлығы 4519 адам сауығып шықты.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.