• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 24 Тамыз, 2020

Мәжіліс депутаты әлеуметтік мәселелерді назарға алды

320 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Алматы облысындағы "Баянкөл" шекаралық заставасына барып, шекарашылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бақытбек Смағұлдың айтуынша, командирлер тұратын ескі үйлерге жөндеу жүргізіліп, ал қатардағы жауынгерлерге арналған үйлердің қабырғаларын жылу оқшаулағыш материалдармен қаптап, астына іргетас құйып, қыста жылы, жазда салқын, оның үстіне алыстан көрінбейтін, жасырын, ұқыпты баспаналар дайындалуда. Сонымен қатар, сапар барысында Бақытбек Смағұл Райымбек ауданы халқымен кездесіп, аудан орталығында бой көтерген жаңа ғимараттарды және қазіргі кезде қызу жұмыстар жүргізіліп жатқан құрылыс алаңдарына барды. Қазіргі уақытта аудан орталығы Нарынқол ауылында биыл жергілікті тұрғындарға арналған 83 тұрғын үй салынуда.

Ал мемлекеттік қызметкерлер игілігіне 4 қызметтік тұрғын үй тапсырылмақ. Сондай-ақ Бақытбек Смағұл "Жұмыспен қамту жол картасы" негізінде Қызылшекара ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға және Нарынқол, Жаңа-Текес ауылдарында көшелерді жарықтандыру жұмыстары басталғанына ерекше назар аударды. Жаңа ауданның инфрақұрылымы да жаңғыруда. Сапар аясында Бақытбек Смағұл оны да бақылап қайтты. Сондай-ақ, Нарынқол ауданында жергілікті маңыздағы жолдар да жөнге келтіріліп, жаңадан төселуде. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Мәжілістің заң шығарушылық жұмысында ескеруі үшін халықтың әлеуметтік мәселелеріне ерекше назар аударды.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.