• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 24 Тамыз, 2020

Қазақстанда киік саны артып келеді

1070 рет
көрсетілді

Қазақстанда киік санының өсуі мемлекеттік қауіпсіздік шараларын күшейту және инспекторлардың материалдық-техникалық базасын жақсартудың арқасында мүмкін болды, - деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ақмола облысындағы "Охотзоопром" инспекторлар тобының басы Айбек Әліпбайдың  айтуынша, бүгінде көзбен шолуға қарағанда, бұл өңірде 70 мыңға жуық ақбөкен бар.

Жануарларды қорғауды күшейту және мемлекет тарапынан бақылауды күшейту шарасының арқасында олардың санының өсуі байқалады. Сондай-ақ өңірде киіктердің өсіп-өнуіне қолайлы табиғи жағдайлар, соның ішінде қажетті азық пен қолайлы климат ықпал етеді. "Бұрын біздің техникамыз нашар, УАЗ болған, ондай көліктермен күзету қиындық тудыратын, браконьерлердің техникасы жақсы болатын", - дейді Айбек Әліпбай, мәселен, қазір біздің мініп жүргеніміз "Toйoта" маркалы автомобиль, тұтастай алғанда, біздің парк 2014 жылдан бастап жаңара бастады".

Журналистердің жұмыс қауіпсіздігі туралы сұрағына инспектор заңға сәйкес ерекше жағдайларда, өмірге қауіп төнгенде нысанға қару қолдануға құқылы екенін айтты. "Әрбір инспекторда оқ өткізбейтін көкірекше, пулемет, карабин немесе тапанша бар", - дейді инпекстор. "Материалдық базамыз бен жабдықталу жағы жақсарды, енді біркелкі киім кию мәселесін жақсартуға уәде беруде. Жұмыс істеуге жағдай бар. Жалақы деңгейі бірнеше факторға, оның ішінде еңбек өтіліне байланысты. Вахталық әдіспен 15 күн жұмыс істейміз, содан кейін демаламыз. Браконьерлерді ұстаған жағдайда бонус аламыз - ол жалақының 150%-і. Жыл басынан бері мен, мысалы, бір браконьер ұстадым. 2016 жылы да осындай жағдай болды. Ұстау кезінде браконьерлер мені пышақпен мойнымнан  жаралағанмен, нәтижесінде, оларды бәрібір ұстадық". 

Инспектор атап өткендей, бұрын браконьерлер жиі топтасып жұмыс істеп, қылмысқа мұқият дайындалатын.

"Олар негізінен "Toйoтa" -100 маркалы автомобиль мінеді, оларды күшейіп, амортизаторлар орнатып, жылдамдықты арттырады. Яғни, олар дайындықпен, қуатты жабдықпен шығады. Бір рет біз Қарағанды   облысының аумағында 100 бастай киік аулаған Қызылорда облысы браконьерлердің ізіне түстік", - дейді инспектор.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қазақстанда ұсталған браконьерлерден 256 тұтас ет пен 1245 киіктің мүйізі, сондай-ақ 5 қарақұйрық пен 2 ителгі тәркіленді. Айтылғандардың бәрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.