• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2013

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл

310 рет
көрсетілді

Кеше Президент Әкімшілігінде Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі Қ.Жаңбыршиннің төрағалық етуімен кеңес өтті.

 

Кеше Президент Әкімшілігінде Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі Қ.Жаңбыршиннің төрағалық етуімен кеңес өтті.

Кеңеске Экономикалық қыл­мысқа және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес агенттігінің, Ішкі істер министрлігінің, Қаржы министрлігінің Кедендік бақы­лау және Салық комитеттерінің басшылығы қатысты. Кеңесте Қазақстан Республикасында кө­леңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау барысы қарастырылды, сондай-ақ аталған саладағы проблемалық мәселелер талқы­ланды.

Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы тұруды және алкогольді өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күресті жандандыру қажеттігіне Ақордада үстіміздегі жылғы 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысушылардың айрықша назарын аударғаны мәлім.

Кеңес барысында Кешен­ді жос­парды іске асыру тә­сіл­деріндегі мемлекеттік орган­дар­дың іс-қимылында өзара келіс­пеушіліктің барлығы атап өтілді.

Осыған байланысты, мемле­кет­тік органдарға Жоспарды сапалы орындау бойынша тапсыр­малар берілді, сондай-ақ ведом­ствоаралық үйлестіруді күшей­туге назар аудару және атқары­лып отырған жұмысты кеңінен ақпараттық сүйемелдеу ұсынылды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар