• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Тамыз, 2020

Сақтандырылмаған азаматтарға уақытша мәртебе иеленуге болады

377 рет
көрсетілді

«Мемлекет тарапынан жарна төленетін, жеңілдік берілген 15 санат өкілдеріне (2020 жылдың 1 та­мызын­дағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қала­сы бойынша 619 601 азаматқа) Медициналық сақ­тан­дыру қоры уақытша мәртебе беру алгоритмін (бір айға) әзірледі.

Олар өз емханасына немесе өз бетінше Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүгіне алады. Осылайша, халықтың жеңілдік санаты бар өкілдерінің жүйедегі сақтандыру мәртебесіне қатысты туындаған мәселелері жедел шешімін табады, пациент медициналық қызметтерге қол жеткізе алады», дейді «Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина.

Пациент медициналық ұйымға барған кезде медициналық мекеме қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканер­лейді (суретке түсіреді) және оны «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ӘМСҚ-ға жібереді. Қор пациентке 1 айға мәртебе береді, оған тиісті хабарлама жіберіледі.

Дәл осылай жеңілдік санатындағы азамат та App Store және Play Market-те «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы мұны өз бетінше ресімдей алады. Жеңілдік санатына қатыстылығы туралы растайтын құжатты жүктеп алып, ӘМСҚ-ға жіберу қажет. Қор өтініш берушіге 1 айға мәртебе береді және тиісті хабарлама жібереді.

Азаматтар сақтандыру мәртебесін ӘМСҚ-ның fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы, Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы тексеру қажет. Барлық жүйе дұрыс және айқын жұмыс істейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора­циясы айына екі рет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жеңілдік санатындағы азаматтар  бойынша жаңартылған деректер базасын ұсынады. Тұрақты сақтандыру мәртебесін растау үшін 1414 нөмірі бойынша Мемлекеттік корпорацияға хабарласу қажет.

Сондай-ақ төлемдердің болуы немесе болмауы, қайта­рылған төлемдер туралы ақпаратты https://egov.kz «Элек­тронды үкімет» порталынан алуға болады. Ол үшін «Меди­циналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметіне тапсырыс береді.