• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Тамыз, 2020

Чемпиондар лигасының шартты құрамасы жарияланды

172 рет
көрсетілді

Әлемге әйгілі Goal басылымы футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы маусымының қорытындысы бойынша шартты құраманың тізімін жария етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыдан бірер күн бұрын ғана Португалияның Лиссабон қаласында өткен финалдық матчта Мюнхеннің «Бавариясы» Францияның ПСЖ клубын 1:0 есебімен ұтып, қарт құрлықтағы ең белді жарыстың бас жүлдені олжалағаны белгілі. Германияда іргетасы қаланған сол атақты команданың сегіз бірдей сайыпқыраны үздіктер қатарынан көрінді. Және де «Боруссия» (Дортмунд), «РБ Лейпциг», ПСЖ-ның бір-бір ойыншысы сондай құрметке бөленді. Ал УЕФА Чемпиондар лигасының шартты құрамына енген футболшылардың толық құрамы мынадай:

Қақпашы – Мануэль Нойер («Бавария»). Қорғаушылар – Йозуа Киммих («Бавария»), Давид Алаба («Бавария»), Дайо Упамекано («РБ Лейпциг»), Альфонсо Дэвис («Бавария»). Жартылай қорғаушылар – Серж Гнабри («Бавария»), Тьяго Алькантара («Бавария»), Томас Мюллер («Бавария»). Шабуылшылар – Эрлинг Холанд («Боруссия» Д), Роберт Левандовски («Бавария») және Неймар («ПСЖ»).

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.