• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Тамыз, 2020

"ҚазМұнайГаз" Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

1376 рет
көрсетілді

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Egemen.kz аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Директорлар кеңесі өкілеттігінің мерзімі аяқталғанына байланысты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) Басқармасы 2020 жылғы 17 тамыздан бастап жұмыс істейтін Директорлар кеңесінің төмендегі құрамын бекітті:

Кристофер Джон Уолтон, ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор; Айдарбаев Алик Серікұлы, ҚМГ Басқарма төрағасы; Тим Г. Миллер, тәуелсіз директор; Филип Малькольм Холланд, тәуелсіз директор; Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы, Қор өкілі; Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы, Қор өкілі; Энтони Эспина, Қор өкілі.

Жоғарыда аталған директорлар Қордың Корпоративтік басқару кодексінің ротация жоспарына сәйкес 3 жыл мерзімге сайланды. Директорлар кеңесінің алдыңғы құрамында тоғыз адам болғанын айта кеткен жөн. Кристофер Уолтон, Ұзақбай Қарабалин, Алмасадам Сатқалиев, Энтони Эспина және Алик Айдарбаев ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде өз қызметін жалғастырады.

Компания бұған дейінгі Директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне, атап айтқанда Балжит Каур, Стивен Уайт, Филип Дайер және Луиса Палья да Силваға атқарған жұмыстары және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.

Сонымен қатар, Компания жаңадан тәуелсіз директорлар болып сайланған Тим Миллер мен Филип Холландтың жұмысына сәттілік тілейді. Тим Миллердің мұнай-газ саласында халықаралық тәжірибесі мол. Филип Холланд дүниежүзі бойынша ауқымды жобаларды іске асырып жүрген маман.

ҚМГ Директорлар кеңесін нығайту жөніндегі жұмысты корпоративтік басқарудың халықаралық талаптарына сай жалғастыратын болады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.