• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Тамыз, 2020

Қытайда коронавирус вакцинасы қолданылады

106 рет
көрсетілді

Қытай корона­вирусқа қарсы вакцинаны шілдеден бас­тап алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен шекаралық бақылау қызметкерлеріне салып келеді. Бұл туралы Білім және технологияны дамыту орталығының директоры Чжэн Чжунвэй мәлімдеді.

 

«Чжен CCTV-2 арнасының «Пікірталас» бағдарламасында вируспен күресте алдыңғы шепте жүргендер вакцина салдыруға құқылы екенін хабарлады. Қытай билігі коронавирусқа қарсы екпені егуге 22 шілдеде рұқсат еткен. Вакцинаны Sinopharm компаниясы жасап шығарған. Клиникалық тестілеудің үшінші кезеңі Біріккен Араб Әмірліктерінде, Перуде, Мароккода және Аргентинада өткізілді», дейді CNN агенттігі.

Чженнің айтуынша, Қытай заңында денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай вакцинаны жедел түрде қолдануға рұқсат етілген. Әйтсе де, екпе алдыңғы шептегі адам­дарға ғана салынады. Қытай қазір осы кезеңде тұр. Келесі сатыда бүкіл ел халқына вакцина жеткізу мәселесі қаралады. Яғни, күз және қыс мезгілінде вирустың қайта өршіп кетпеуін ауыздықтауға күш жұмсалмақ.