Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың мәліметінше, ұлы ойшыл Абайдың есімімен Атырауда 5 мектеп пен 28 көше аталады. Енді жаңадан бой көтерген оқушылар мен жастар сарайына беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Дана Абайдың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау жалғаса береді. Биылғы 175 жылдық мерейтойы аясында ақын есімін оқушылар мен жастар сарайына беру ұсынылып отыр. Аталған сарайдың алдына дара ойшылдың ескерткішін орнату жоспарда бар", деді облыстық мәслихаттың сессиясында облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
Бұл ұсынысқа өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов те, облыстық мәслихаттың депутаттары да қолдау білдірді.