Ертең Алматы қаласының екі ауданында уақытша суық су болмайды. Бұл туралы Egemen.kz "Алматы су" компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
"Алматы су" компаниясының мәліметіне сәйкес, 27 тамызда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Жетісу ауданындағы Айнабұлақ-4 ықшамауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
"Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша шектеулер енгізу магистральдық желілерге жаңа су құбырларын қосу үшін қажет", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ 27 тамызда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Әуезов ауданындағы Западная, Вишневая, Грушовая, ықылас, Таугүл-3 ықшамауданы көшелеріндегі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.