Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарының аясында Қазақстан жастар құрамасы 3 қыркүйек күні Черногорияны қабылдайды. Ал 8 қыркүйек күні сырт алаңда Израиль құрамасымен ойнайды. Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда басталады.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Данил Устименко ("Қайрат"); Қорғаушылар: Рауан Орынбасар ("Жетісу"), Сағадат Тұрсынбай ("Тобыл"), Әлібек Қасым ("Қызыл-Жар"), Талғат Кусяпов ("Оқжетпес"), Лев Скворцов ("Атырау"), Дінмұхамед Қашкен ("Қайсар"), Жалғас Жақсылықов ("Оңтүстік" академиясы), Айбар Нұрдалиев ("Қайрат");
Жартылай қорғаушылар: Жан-Әли Пайруз, Геворг Наджарян (екеуі де – "Шахтёр"), Сұлтан Сағнаев, Мәди Жақыпбаев (екеуі де – "Астана"), Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де –"Қайрат"), Арман Кеңесов ("СКА-Хабаровск", Ресей), Жасұлан Қайыркенов ("Атырау"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Артём Попов ("Ақсу");
Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет ("Жетісу"), Акмаль Бақтияров ("Сочи", Ресей), Оралхан Өміртаев ("Тобыл"), Артур Шушеначев ("Қайрат"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Владислав Прокопенко ("Ақтөбе");
Жаттықтырушылар штабы: Алмас Құлшынбаев – аға жаттықтырушы, Асқар Қожабергенов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Тимур Молдағалиев – бапкер, Ержан Сунақов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Нұрлан Битүгілов – врач, Станислав Ведлер – массажист, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.