• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Тамыз, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының Конституция күнімен құттықтауы

392 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы­ның Конституциясы күнімен құттықтайды!

 

25 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда елдің Негізгі Заңы қабылданды. Конституция демократиялық даму бағытын айқындап, құқықтық жүйенің өзегіне және жалпыұлттық бірлік пен келісімге негізделген мемлекеттік құрылымды заманға сай құрудың жаңа белесіне айналды.

Мерейтойды атап өте отырып, біз осы кезеңде болған ауқымды тарихи өзгерістерді көріп отырмыз. Тұңғыш Президент – Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекеттіліктің негіздері түбегейлі нығайтылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан – ашық нарықтық экономикасы бар, мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде стра­те­гиялық сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, қоғам өмір­інің барлық салаларын жаңғырту бағдарламаларын іске асырушы мемлекет ретінде бүкіл әлемдік қауымдастықпен мойындалған және лайықты құрметке ие ел.

Конституцияда жарияланған шынайы қазақстандық құндылықтарды қорғау және оның нормаларын мүлтік­сіз сақтауды қамтамасыз ету – әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы одан әрі табысты дамудың кепілі.

Ардақты ағайын! Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлары әрқашан бірге атап өтілуінің символдық мәні бар. Олар өткен уақыттың сын-тегеуріндеріне жауап ретінде бір жылда пайда болды және басты мақсат – Қазақстанның біртұтас халқын топтастыру және біріктіру мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Конституция күні әрқашан патриотизмнің және Отанға деген сүйіспеншілігіміздің символы болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, ынтымақ және береке-бірлік тілейміз!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы