• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Тамыз, 2020

Елордада баспана алуға көмектесемін деп уәде еткен алаяқ ұсталды

271 рет
көрсетілді

Елордалық полиция қызметкерлері баспана алуға көмектесемін деп уәде еткен алаяқты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Полиция қызметкерлерімен ұсталған елорда тұрғыны ақысына баспана алуға көмектесемін деп уәде еткен.

Жәбірленушілердің бірі баспанаға құжаттарды тездетіп ресімдеймін дегеніне сеніп,  оған 100 мың теңге төлеген. Бүгінгі таңда көрсеткен қызметі үшін оған ақша төлеген 22 елорда тұрғыны анықталды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу үшін кезекке тұруға көмектесетін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде таныстары бар екендігі туралы өзінің әңгімелерімен үй алуға ниеттенгендерді көндірген. Бұдан басқа, қосымша ақы төлесе кезегін жылжытып беруге уәде еткен. Жәбірленушілер қызығушылық танытып, туыстары мен достарын тарта бастаған.

Қазіргі кезде күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерді анықтау бойынша  тергеу амалдары жалғастырылуда. Тергеу барысында полиция қызметкерлері әйел адамның қалалық әкімдікке ешқандай қатысы жоқ, ал пәтер алуға көмектесетін таныстарды өзі ойлап тапқанын анықтады.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел адам УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған тұлғаның әрекетінен зардап шеккен жағдайда Бейбітшілік,19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жүгінуді немесе 71-66-40, 71-66-33, 71-66-76, 71-66-10, 8-701-239-60-00 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.