• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Тамыз, 2020

Украинада жарылыс болды

1748 рет
көрсетілді

Украинада Одесса мұнай өңдеу зауытының аумағында 27 тамыздан 28 тамызға қараған түні жарылыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz "Укринформға" сілтеме жасап.

Укринформ жергілікті "Думская" басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, полиция жарылыстан кейін қосалқы станцияның жанындағы шөп жанып кеткенін айтты. Сондай-ақ журналистер оқиға орнында өрт пен түтін тұрғанын атап өтті. Кейін полиция басылымға мұнай өңдеу зауыты аумағында трансформаторлық қосалқы станция жарылғанын растады, содан кейін жақын жерде құрғақ шөп жанып кетті. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.