• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Тамыз, 2020

Тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу ПИК шығындарын азайтуға мүмкіндік береді

491 рет
көрсетілді

Биыл 50-ден аса көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделеді, 130-дан астам лифтіні жөндеу және ауыстыру басталды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

"БҰҰ Даму бағдарламасының аясында көппәтерлі бес тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үшеуін жөндеу аяқталды. БҰҰДБ жұмыстары қандай да бір төлемсіз жүзеге асырады. Пилоттық жобамен Пушкин-Жұбанов көшелерінің қиылысында орналасқан үйлер жөнделуде", дейді елорда әкімі Алтай Көлігінов. Қала әкімінің айтуынша, үйді жылыту, қасбетін жөндеу, терезе, есіктерді ауыстыру, LED-жарықтандыру, кіреберістерді жөндеу, жылыту жүйелерінің құбырын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, автоматтандырылған жылу пункттері орнатылатынын атап өтті. Сондай Алтай Көлігінов: "Бұл жұмыстар үйдің жылу шығынын едәуір азайтады. Тұрғындар үшін жылудың орташа жылдық шығыны шамамен 2 есе азаяды. Өйткені, сыртқы ауа датчиктерінің арқасында автоматтандырылған жылу пункттері ауа-райына байланысты реттеліп отырады. Ал тұрғындар пайдаланылған жылу энергиясының ауқымына байланысты төлейді. Сонымен қатар, жүргізілген жөндеу жұмыстары тұрғындарға қызмет көрсететін ұйымның шығындарын азайтуға мүмкіндік береді", дейді елорда әкімі.

Бұдан бөлек, тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы мен "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша жүргізіледі. Биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделеді, сонымен бірге 130-дан аса лифтіні жөндеу және ауыстыру басталды. Атқарылып жатқан жұмыстар легі тұрғындарға тиімді болатынын тілге тиек етті.