Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясы Саяси Кеңесінің Бюро отырысы өтеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтеді. Бюро мүшелері партиялық "қайта жүктеу" бағдарламасын жүзеге асыру және партия ішіндегі праймериз - сайлау өткізу барысын талқылайды деп күтілуде", - делінген жазбада.