• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Тамыз, 2020

10-30 қыркүйек аралығында Тұран және Ұлы Дала даңғылдары толықтай жабылуы мүмкін

200 рет
көрсетілді

27 (Ұлы Дала) көшесінің құрылысы, Тұран даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде, нөсер кәрізінің негізгі коллекторын монтаждау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Осыған байланысты 10-30 қыркүйек аралығында Тұран және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысын толығымен тоқтату жоспарлануда.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек", делінген көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.